jasqazaq.kz

Академик Өмiрзақ Айтбаев қайтыс болды

09 қантар 2020, 11:23

Филология ғылымдарының докторы, профессор Өмiрзақ Айтбаев қайтыс болды. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты өкілдері растады. «2020 жылы 9 қаңтарда таңертең Алматыда асқар тау ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмiрзақ Айтбайұлы Айтбаев дүниеден өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты ұжымы Өмірзақ Айтбайұлы отбасының қайғысына ортақтасып көңiл айтады», — делінген қаралы хабарда. Академик Айтбаевтың жаназасы және асына қатысты ақпарат кейін жарияланатыны айтылады. Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев 1936 жылы 5 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келеген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. 1959-1962 жылдары — «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкері. 1995-1996 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры. 1997-1998 жылдары — Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан — «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталығының директоры қызметтерін атқарған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Тengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия