jasqazaq.kz

Айжан Есмағамбетова: Біртіндеп қалыпты өмірімізге көшуіміз керек

04 мамыр 2020, 16:59

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

«Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек. Осы орайда біз біртіндеп қалыпты әрі жайлы өмірге көшуіміз керек. Дегенмен карантиндік шарларды жеңілдету кезең-кезеңмен іске асырылады, яғни жағдайға қарай болады», — деді А. Есмағамбетова.

Осы орайда ол карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болғанын, медициналық жүйеге жүктемені азайтқанын жеткізді.

«Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезекте адамдардың тығыз әрі ұзақ қарым-қатынасы байқалмайтын нысандар іске қосылуда. Осыны ескере отырып, тиісті қаулыда алгоритмді айқындадық», — деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Есмағамбетова карантиндік шаралар өзінің нәтижесін бергенін атап қтті. Соңғы екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды тіркелген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық