jasqazaq.kz

Айжан Есмағамбетова: Әлемде коронавирустың омикрон штамы өршіп тұр

27 шiлде 2022, 16:27

Қазір әлем бойынша коронавирустың омикрон штамының таралуы 95 пайызды көрсетіп отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша соңғы аптада Еуропа, Шығыс Жерорта теңізі мен Африка өңірін санамағанда, қалған 3 өңірде коронавирустың таралуы 30%-ға өсті. Cоңғы аптада әлемнің 92 елінде сырқаттанудың өсуі байқалып отыр. Оның ішінде COVID-19 Әзербайжанда 115%-ға, Жапонияда 70%, Польшада 63%, Ресейде 49% және Қытайда 36%-ға жетіп отыр. Бүгінде коронавирустың омикрон штамы әлемдегі негізгі вирус болып отыр және өршіп тұр. Оның таралу үлесі зерттелген үлгілердің 95 пайызын алады. Омикрон штамының арасында BA.5 және BA.4 үлесі басым. Оның ішінде вирустың BA.5 түрі 100 елде анықталды», — деді Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің мәлімдеуінше, бір аптада барлық вирустың түрлерімен салыстырғанда вирустың BA.5 түрінің үлесі 54%-ға дейін өскен. «Сонымен қатар, ВА2.75 омикронының (кентарв) субнұсқасын ДДҰ-ы бақылап отыр. Аталған субнұсқаны әлемнің 15 елі бақылауға алған, ол барлық зерттелген үлгілердің 0,05%-ын алады. Әзірге, басқа нұсқалармен салыстырғанда осы мутацияның қандай дәрежесі аурудың таралуы мен ауырлығына әсер ететіні туралы дәлел жоқ», — дейді ол. Оның айтуынша, қазіргі күні мутацияға қатысты зерттеу жалғасып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, шілде басталғалы 3 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр