jasqazaq.kz

Айжан Байзақова бостандыққа шықты

29 желтоқсан 2017, 15:11

Айжан Байзақова бостандыққа шықты. Instagram жұлдызы үш күн қамауда болған еді. Ол ғимараттан пакетпен шығып, көлікке отырып кетті. Еске салайық, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді.

Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған. «Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды», — деген еді Алматы ІІД өкілдері. Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды. Ал кейінірек қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялаған еді.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде