jasqazaq.kz

Айжан Байзақова 3 тәулікке абақтыға қамалды

27 желтоқсан 2017, 1:13

50 мың теңге беріп, қыздарды елдің көзінше шешіндергендер ақыры жазасыз қалмады! Алматы соты түнгі клубтағы ұятсыз шоуды ұйымдастырған атышулы Айжан Байзақованы 3 тәулікке абақтыға жапқан. 22 жастағы «әлеуметтік желі жұлдызының» масқара әрекеті сол әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың ашуын туғызған болатын. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Ақша ұсынып, қыздарды осылай тыр-жалаңаш шешіндірген қылығы үшін Базақоваға әкімшілік хаттама толтырылып, қолына кісен салынған. Тентек қыз кінәсін де толық мойындапты. Айта кетейік, Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі белсенді блогерлердің бірі. Ол парақшасына жалаңаш суреттер жүктеп, тікелей эфирде түрлі әдепсіз қылықтар жасауымен танымал. Жалаңаштанғанымен қоймай жас қыз оқырмандарының алдында шылым шегіп, ішімдік ішуден де тайынбайды. Соның арқасында парақшасындағы оқырмандар күн санап көбеюде. Басым бөлігі жастар. Қазақы менталитетті жоямын деп тәнін көрсетіп, ойына келгенін жасап жүрген Байзақова енді 3 күнін қамауда өткізеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде