jasqazaq.kz

Айыппұлдарды заңсыз есептен шығарған полицейлердің ісі сотқа жетті

09 сәуiр 2021, 18:30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды ісі бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров төрт жыл бойы айыппұлдарды заңсыз өшіріп келген полицейлердің ісі туралы мәлімет берді.

«Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жергілікті полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі аяқтады. Тергеу көрсеткендей, полиция қызметкерлері 2016 жылдан бастап, бұрын сотты болған азаматты делдал ретінде тарту арқылы ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысын үйлестіріп отырған. Олар 2020 жылы әшкере болғанға дейін бұл әрекеттерін жалғастырып келген. Осылайша ұйымдасқан өкілдері лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып, жол қозғалысы ережелерін бұзуға байланысты туындаған азаматтардың әкімшілік айыппұлдарын есептен шығарып отырған» — деді аса маңызды істер жөніндегі тергеуші. Оның мәліметінше, аталған қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 247 млн теңгеден астам аса шығын келген.

«Қазіргі уақытта айыпталушылар тиісті бұлтартпау шаралары қабылданып, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілді. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды», — деді Данияр Бегайдаров.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия