jasqazaq.kz

Айыппұлдан қашып, «Сергектің» батареясын ұрлады

27 желтоқсан 2020, 12:48

Елордада қылмыскерлер «Сергек» камераларының аккумуляторын ұрлап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, Астрахан тасжолы бойында орналасқан «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінен белгісіз тұлғалар бірнеше рет аккумулятор батареяларын ұрлаған. Бұл, видеобақылау камераларының істен шығуы алып келген. «7 тамыз – 16 желтоқсан аралығында қылмыскерлер осындай 4 ұрлық дерегін жасады. Шұғыл-іздестіру шараларын өткізу кезінде шұғыл қызметкерлер А.Хамидуллаев пен Ж.Нұралыұлы күдіктілердің ізіне түсіп, кезекті қылмыстары барысында ұстады. Тергеу аясында анықталғандай, қылмыскерлер ұрланған құрылғыны металл қабылдау пунктеріне тапсырып келген. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады. Қолды болған аккумулятор батареялары иелеріне қайтарылды», — делінген ПД ақпаратында. Осы орайда, «Capital City Center» ЖШС астана полициясының басшылығы атына хат жазып, алғыс білдірген. «Полиция қызметкерлері «Сергек» АБК-дан жасалған ұрлық деректерінің сериясын ашты. Бұл, «Сергек» АБК-ның видеобақылау камераларымен фото,-видеотіркеуді үздіксіз жүргізуге мүмкіндік берді», — делінген компания басшысының хатында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия