jasqazaq.kz

Айыппұл төлемегендердің көлігі айып тұрағына қойылады

29 қараша 2018, 13:42

Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігі айып тұрағына қойылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір полиция әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарғандарды анықтаумен айналысып жатыр. Әкімшілік айыппұлдарын төлемеген жүргізушілердің көліктерін айып тұрағына жіберіледі. Көлік иесі айыппұлын толық өтегенде ғана автокөлігін қайтара алады», — деді қалалық Полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Еркін Өтегенов. Осыған байланысты полиция автокөлік иелерін әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады. Айта кетейік, қалада «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Бұл шара айыппұлы бар жүргізушілерді анықтауға, әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді