jasqazaq.kz

Айып тұрағында тұрған 8 автокөлік жанып кетті

22 қантар 2020, 18:04

Түркістан облысы, Сайрам ауданында айып тұрағында тұрған 8 автокөлік жанып кетті.Көліктерді Қарасу ауылдық округінде тұратын жергілікті тұрғын өртегені анықталды.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қарсы қызмет пультіне шақырту сағат 05:55-те келіп түскен. 8 минуттан кейін өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, сағат 06:38-де өрт толықтай сөндірілген. Тәртіп сақшылары автотұрақта барлығы 39 көлік болғанын анықтады. Тексеру барысында көліктерді өртеген күдікті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалғаны және оның Манкент ауылында тұратыны анықталды. Сондай-ақ, оның көлігі бұған дейін айып тұрағына қойылған болып шықты.

«Автокөлігін құжатсыз әрі мас халде басқарғаны үшін тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері ұстап, әкімшілік жауапқа тартқан. Оның автокөлігі айып тұрағына қойылған болатын. Ал, күдікті болса, түнгі уақытта қоршаудан өтіп, өз автокөлігіне келіп, оны өртеген. Сөйтіп оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ер адам ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін толық мойындап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігі (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша іс қозғалған» делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде