jasqazaq.kz

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

11 қыркүйек 2017, 10:55

Қазақ қоғамында ене мен келін тақырыбы қашанда өзекті. Сондықтан болар, бұл тақырып қозғалса, қазақ үнсіз отыра алмайды. Мәселен, күні кеше Жазира Байырбекова қайын жұрты мен төркініне қыдырып барғандағы қос суретін жариялаймын деп жұрттың қызу талқысына түсті.

Алғашқы суретте әнші қайын енесінің қасында тірлік істеп, ас үйде келін қызметін атқарып тұрса, екінші суретте өзін туған анасына еркелеп, құшағында жатыр. Қос суретті де Жазираның жары Жанболат тосыннан түсіріп алыпты.

“Жол жөнекей: 1) Келін болып түскен шаңыраққа кіріп шыққан сурет;
2) Төркінге кіріп шыққан сурет. Екеуін де тосыннан түсіріп алған Жанболат Ербатыров мырзаға раxмет! Біз үшін күні түні тілек тілеп отыратын аналарымыз аман болсын! Барлық жетістіктеріміз бірінші Алла, содан кейін осы кісілердің бізге риза болғанының арқасында!” – деп жазды Жазира.

Өз кезегінде желі оқырмандары қос суретті көріп, көздеріне жас алғандарын жазды. Көпшілік қайын ененің ешқашан ана орнын баса алмайтынын айтуда.

“Айырмашылық жер мен көктей дегіңіз келді ма”, “Эх, өз мамаңа жетпейді ғой”, “Тамаша, бірақ біріншісінде жұмыс істетіп қойды, ал екіншісінде еркелеп жатыр”, “Шынайы өмірдің көрінісі, керемет! Өте əсерлі, ұзаақ қарап отырып қалдым, бəлкім 2-ші сурет орындалмас арманым болғандықтан шығар”, “Ешқашан ене келінін өз қызындай көріп, ешқашан жаны ашымайды”, “Енең анаңдай болмайды, еркелей де алмайсың”, – деп пікір білдірді желідегілер.

stan.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде