jasqazaq.kz

Қайын сіңілім баланың тағдырымен ойнап жүр

14 маусым 2017, 15:51

Үш баланың анасы қайын сіңлісінің әрекетін түсіне алмай жүр. Жуырда қайын сіңлісі оларға өзінің некесіз туған баласын берген екен. Енді келіншек ол әлгі баланы қайтадан алып қоюы мүмкін деп қорқып жүр. Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

«Былтыр тамыз айында қайын сіңілім ауылдан қалаға оқуға келді. Бір ай бойы кең көйлек, кең кеудеше киіп жүргенін байқадым. Іші де томпиып қалыпты. Қыз бала болған соң, ашып ешнәрсе сұрай алмадым. Бір күні анализ тапсыруға алып бардым. Гемоглобині 53-ке түсіп кеткен екен. Ақыры жүктілігіне 36 апта болғанын білдік. Ішіндегісі ұл екен. Менің үш қызым бар еді. Ол ауруханада баладан бас тартатынын айтты. Содан осы баланы біз сұрап алдық. Жуырда босанды. Жігіті ағайынымыздың баласы болып шықты. Ол жағдайды білген соң үйленуге дайын екенін жеткізді. Бастапқыда баланы достарына бермек болды. Артынша айнып келіскеніміздей бізге берді.

Арада 8 ай өтті. Енді қыздың ойында не бар екенін біле алмай жүрмін. Түбінде алып кетеді деп қорқамын. Баланы өз атымызға жаздырып алғанымызбен, оған шын көңіліммен мейірім бере алмаймын. Қатты басым қатып кетті. Бұл жағдай туралы қыздың әке-шешесі біледі. Баланы бекер алған сияқтымыз. Қайын сіңілім баланың тағдырымен ойнап жүр. Өзінің қара басын ғана ойлайды. Балаға жақсылап қараймын. Басында ешнәрсе мазаламаған еді. Бұл туралы енем біраз адамға айтып қойған екен. Олар үйге келіп, «Қылықтарының барлығы туған шешесіне ұқсайды екен» деп жиі есіме салады. Қонақтардың осы әрекетінен-ақ шаршап біттім. Қыздың бір жоспарлағаны бар сияқты. Ашығын айтса жақсы болатын еді. Бәрінен бұрын, қыздарымның қиналмағанын қалаймын.

Қайын сіңілім мен жігіті өзара туысқан болып шықты. Яғни елдері жеті атадан аспаған екен. Біз мал сойып, қариялардың алдынан өтуді ұсындық. «Дайын емеспіз» деп әлі жүр. Жуырда жігітті ұрып, өзіне жоламайтындай етіп жіберді. Барлығы осы қыздың ырқына көніп келеді. Кейін бізден баласын сұрап қалса, қайтармасқа амалымыз болмайды. Ағайыннан ешкім безіп кетпейді. Алдында әңгімеге тартып, жігітімен отбасын құруға, баласын қайтарып алуға кеңес берген болатынмын. Ол мені үндемей күйдірді», – дейді Жансая Омарова.

alashainasy.kz

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр