jasqazaq.kz

Қайын атасы ұлын Ақбота Керімбековаға лайық көрмегенін ашып айтты

19 қыркүйек 2017, 10:48

Қайын атасы Ақбота Керімбекова туралы пікірін бөлісіп, бастапқыда оған ұлын лайық көрмегенін ашып айтты.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Халықтың сынына Рауан Дәулетовтың ата-анасы да алдын ала дайындалған сыңайлы. Ұлдары үйленетінін айтқан кезде таңқалғандарын жасырмайды Тілеген мырза мен Тотия ханым. Ал болашақ келіндерінің Ақбота Керімбекова екенін естіген кезде, кенжелеріне “әлі де ойланарсың” деп ақыл айтқан екен.

“Балам той туралы айтқан кезде, әйелім екеуіміз көп ойландық. Ақбота – өмірдің баспалдақтарынан шыңдалып өткен қыз. Өзінің тірлігі туралы естіп-біліп жүрген соң, баламнан “Сен оған жақсы серік бола аласың ба? Екеуіңнің араларыңда балалар бар. Бала деген ойыншық емес. Сол себепті, сендердің бір-бірлеріңе деген сенімдерің орнықты ма?” деген секілді сұрадым. Бұл сауалды анасы да қойған болатын. Баламызға шектеу қоя алмаймыз. Өмір солардікі. Ақыры Ақботаны үйге алып келіп таныспақ болдық. Осылайша баламыздың айтқан тілегін орындауымызға тура келді”, – дейді әншінің қайын атасы Тілеген Дәулетов.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде