jasqazaq.kz

Айтыс ақындары көпбалалы отбасыға үй алып берді (видео)

26 сәуiр 2019, 13:20

Талдықорғанда «Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» кеші өтті. Кешке қатысқан айтыскерлер концерттен түскен қаржыға алты балалы отбасыға үй алып берді. Баспанасыз тауқымет кешіп жүрген отбасының пәтер кілтін алғандағы қуанышы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.

Концертті ұйымдастырушылардың сөзінше, олар мерекелік кештің алдында Талдықорған қаласының әкімдігі және мешіттің бас имамымен кездесіп, айтыстан сатылған билеттің ақшасына, қайырымдылық ретінде пәтер сыйлаймыз деген шешім қабылдаған.

Кешке Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Сара Тоқтамысова сынды танымал айтыскерлер қатысқан. Көпбалалы отбасыға баспананың кілтін Айнұр Тұрсынбаева табыстады. Қуанышын жасыра алмаған отбасы сол жерде көз жасына ерік берді.

Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі жазбасында баспананың алты балалы отбасыға берілгенін атап өтті.

«Концерттен түскен қаражатқа 6 баламен баспанасыз қиналып жүрген отбасыға баспана алып бердік. Беріп жатқан сәттегі риза болып жылаған ананың көз жасы бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Бәрінен де қуанғаннан әкесін құшақтап жылаған кішкентай ұлдың көз жасына бей-жай қарау мүмкін емес еді…», — деп жазды Тұрсынбаева.

Сонымен қатар айтыскер бұл үрдістің барлық облыста жалғасын табатынын айтты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде