jasqazaq.kz

Айтбаев ұлының желіде тараған суреттеріне қатысты түсініктеме берді

06 қантар 2021, 11:46


Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге «үндеу жасап» жүрген суреттері таралып жатыр.
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі – Қанат Айтбаев ұлының түрлі партияларға дауыс беруге «үндейтін» суреттеріне қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге «үндеу жасап» жүрген суреттері таратылып жүр екен. Халықаралық келісімшарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!», — деп жазды Айтбаев. Осы жазбаға қатысты бірнеше сағат ішінде жүздеген пікір жазылды. Халық Димашты саясаттан аулақ ұстау қажеттігін жазып, әкесіне алдын ала ескерткені үшін алғыс жазып жатыр. Димаштың суретін үгіт-насихат үшін пайдаланған партияларды көргенін де жеткізді.

ktk.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия