jasqazaq.kz

Айтақын айтып салды . . .

29 қазан 2018, 17:43

Комсомолдың 100 жылдығы Алматыдан бастау алғаннан кейін аймақтарға да ауыса бастады. Қазір жер-жерде қызыл комсомолдың мерейтойы салтанатты түрде тойланып жатыр. Бәрінен бұрын, мойнына қызыл галстук байлап алған балалар кімнің тойы, бұл жерде кімнің мүддесі тұрғанын біліп те тұрған жоқ. Бұл туралы qamshy.kz сайты жазды.

Кешеден қалған әміршіл-әкімшілік коммунистік жүйенің жандайшап баласы комсомолдың 100-ге толғаны еңсесін көтерген елге бүгін керек пе, еді? «Тәуелсіздік тұғырымызға қонды» деп қуанып жүрсек, жастардың кешегі «көсемдерін» аңсайтындар бар екен. Кеше Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы өңірде комсомолдың 100 жылдығын тойлауға тыйым салды. Жас ұрпақтың санасын уламай, мәселенің алдын алғаны үшін үлкен рахмет, оларға! Бірақ…

Бүкіл әлеуметтік желі шулап, жұртшылық алаңдап жатқанда, Жетісу өңіріне тарап жатқан аймақтық басылым бүтіндей бір санының үш бетін комсомолдың 100 жылдығына арнады. Ең өкініштісі сол, естіп, білгеніміздей, «Алатау» атты аймақтық газеттің бас редакторы айтулы ақын Айтақын Бұлғақов екен. Жұрт қазақтың қанын жүктеген комсомолдан жеріп жатқанда, атақты ақын Айтақынның «Жетісу жастарының көсемдері» деп айқара бетке мақала басқаны несі?!

Әріптестерден сұрап білгеніміз, аймаққа тарайтын «Алатау» басылымы «Алматы –болашақ» акционерлік қоғамы Талдықорған филиалының газеті болып шықты. Ең бір қызығы, «Жетісу жастарының көсемдерінің» қатарында Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев та суреттерімен жүр.

Иә, олар бұрын, яғни кеңестік кезеңде коммунистік жүйеде, комсомолда қызмет істеген шығар. Бірақ комсомол мен «Нұротанды» қиыстыру қаншалықты қисынға келеді?! Бүгінгі жас ұрпақ қабылдай алмайтын «елесі» де есте қалмаған өткен қоғамды жаңғырту кімге керек?

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді