jasqazaq.kz

Айт намазы қалай оқылады?

12 мамыр 2021, 16:32

ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚМБД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда бүкіл елімізде Ораза айт намазы мешіттердің аулаларында оқылады (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің Қаулысы бойынша рұқсат етілсе).

Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беру ұсынылады:

— Бетперде (маска) тағу;

— Үйден дәрет алып келу;

— Намаздан соң қол беріп амандаспау;

— Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;

— Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;

— Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

ҚМБД барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырады.

«Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин!», делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия