jasqazaq.kz

Қайрат Келімбетов қанша жалақы алатынын айтты

20 қыркүйек 2017, 12:50

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов айына қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығына жергілікті кадрларды тартқымыз келеді. Алайда халықаралық сарапшыларсыз да болмайды. Жалақыға тоқталайын. Мен Елбасының қаулысымен тағайындалған «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ Басқарушы кеңесінің төрағасымын. Бұл тиісті заңдармен реттеледі. Сондықтан жалақымыз «Бәйтерек» холдингі мен «Самұрық Қазына» қорындағы ақшадан кем емес немесе төмен болуы мүмкін. Бізде осы жылы премия мен бонустар жоқ. Сондықтан менің жалақыма уайымдамасаңыздар да болады. Біздің жалақымыз орташа. Жалақының мөлшері азаматтың қызметіне байланысты. Ол айына 1 млн теңге көлемінде», — деді басшы.

Еске сала кетейік, бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағы заманауи үлгіде технологияларды қолданатын орталыққа айналатынын айтқан болатын.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде