jasqazaq.kz

«Қайрат» футбол командасына жаңа бапкер тағайындалды

26 шiлде 2017, 15:07

Алматылық «Қайрат» футбол командасына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың медиа-офицері Бағыжан Әбуевке сілтеме жасай отырып.

Бағыжан Әбуевтің айтуынша, испаниялық Карлос Алос Феррер бүгін ресми түрде «Қайрат» ФК бас жаттықтырушы болып тағайындалды. «Клубтағы ойыншалар құрамында жаңа маусымға дейін ешқандай өзгерістер болмайды. Жаңа бапкер бар құраммен жұмыс жасайды. Испаниядан тағы екі адам келеді деп күтіліп отыр. Оның біреуі аудармашы, біреуі физиотерапевт. Олардың есімдері әлі белгісіз», дейді Б.Әбуов. «Карлос Алос Феррер бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер (17 жастағы) құрама командасында бапкер болған. Сонымен қатар, Қазақстан Футбол федерациясының бапкерлік кеңесінде мүше болған. Польшаның Щецин қаласындағы «Погонь» футбол клубында бас бапкер және Польшадағы «Барселона» футбол академиясында директор болған. Мұнымен қатар, Гонконтағы фтубол академиясында да бас диреткор қызметін атқарған», — деді клубтың медиа-офицері Б.Әбуев.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық