jasqazaq.kz

Қайрат Ерәлиев бокстан әлем чемпионы атанды (видео)

03 қыркүйек 2017, 0:26

Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 56 келі салмақтағы финалдық бәсеке аяқталды. Аталған салмақта ел намысын қорғаған Қайрат Ерәлиев әлем чемпионы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтық сында Қайрат Ерәлиев 20 жастағы америкалық Дюк Рэйганды 3:2 есебімен жеңді. Бұл Қайраттың да, аталған әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының да алғашқы алтыны.

Еске сала кетейік, Қайрат Ерәлиев Шымкент бокс мектебінің түлегі. Ол ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың төл шәкірті. Ерәлиев 2013 жылы өткен әлем чемпионатының және Азия біріншілігінің қола жүлдегері.

Бүгін сондай-ақ, 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған болатын.

https://youtu.be/BIXC1AEU2f4

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде