jasqazaq.kz

Айнұр Тұрсынбаева 60-қа келген анасына дүркіретіп той жасады (фото)

22 қантар 2018, 12:06


Ақын Айнұр Тұрсынбаева 60-қа келген анасының құрметіне дүркіретіп той жасады. Тараз қаласында өткен дүбірлі тойға “хит” әнші Ерке Есмаханнан бастап елімізге белгілі бикештер қатысты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Кеше қазақтың от ауызды, орақ тілді ақыны Айнұрды өмірге əкелген Манат анамыздың 60 жас мерейтойын тойлап қайттық. Айнұр, той күшті өтті. Отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, денсаулық, молшылық тілеймін! Таразда кеше көрген құрмет-қошеметке мың алғыс, мың шүкір”, – деп бөлісті Ерке Есмахан инста-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Алтынай Жорабаева, журналист Гүлбаршын Заировалар Тұрсынбаеваның анасын құттықтау үшін арнайы Таразға атбасын бұрған.

Желіде пайда болған суреттерге қарап жұрт түр-әлпеттері ұқсап кеткен жұлдыздарды сынға алды.

“Барлығын бір визажист бояндырған”, “Шынайы әдемілік жоқ ешқайсысында”, “Жасанды сұлулар, қастары бірдей”, – деп сынады инста-оқырмандар.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды