jasqazaq.kz

«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы болды 

19 мамыр 2022, 10:13

UEFA Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған турнирдің финалында Германияның «Айнтрахт» және Шотландияның «Глазго Рейнджерс» командалары кездесті. Командалар бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Екеуінің де гол соғатын көптеген мүмкіндігі болды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ. Екінші кезеңде де командалар есепті өзгертуге бар күшін салды. Нәтижесінде 57-минутта шотландиялық клубтан Джо Арибо көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 70-минутта «Айнтрахт» шабуылшысы Рафаэль Борре таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальти тебуде «Айнтрахт» мергендік танытты. Осылайша германиялық клуб Еуропа лигасының жеңімпазы болды. Айта кетсек, «Айнтрахт» бұдан бұрын 1980 жылы UEFA кубогының жеңімпазы атанған еді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр