jasqazaq.kz

Айман Омарованың көлігінің өртенуіне қатысты тексеру жүргізілуде

19 мамыр 2020, 13:55

Алматыда танымал адвокат Айман Омарованың көлігі өртеніп кетті. Полиция бұл дерекке қатысты тексеруді бастады.

Оқиға 18 мамыр күні Медеу ауданындағы әл-Фараби көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған. Айман Омарова Facebook парақшасында көліктің тежегіші істен шыққанын жазды.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің өкілдері оқиға орнына 7 минутта жеткен. «Өрт сөндірушілер 22.00 келгенде «Lexus-350» көлігі өртеніп жатқан. Тілсіз жау 2 шаршы метрді шарпыған. Өрт 22:04-те ауыздықталып, 22:07 де толық сөндірілді.

Өрттен жапа шеккендер жоқ», — деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғады.

«Қылмыстық іс өндірісі Медеу аудандық полиция басқармасына берілді. Өрт бойынша техникалық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысынан кейін өрттің неден шыққаны анықталады», — деді полиция.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде