jasqazaq.kz

Аймағамбетов жалған дипломға қатысты пікір білдірді

08 маусым 2021, 17:57

Білім және ғылым министрлігі жұмысқа орналасу кезінде жалған құжат ұсыну мәселесін жою үшін барлық дипломдарды цифрландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО мен министрлікке дипломдарды тексеру бойынша жиі сұрау түсетіндігін атап өтті. Жұмысқа дипломмен орналасқан адамның ешқай жерде оқымаған жағдайы да кездеседі. Осыған байланысты министрлік мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Біріншіден, қазір электронды дипломдарымыз бар. Электронды портал арқылы жұмыс берушіге белгілі бір нөмірді енгізіп, дипломның қашан берілгенін және оның түпнұсқалығын тексеруге болады, — деді Асхат Аймағабетов.
Екіншіден, министрлік бұрын берілген дипломдардың деректерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Шамамен 10-15 жыл бұрынғылары цифрланған.

Енді белгілі бір уақытқа дейін жұмыс беруші өз қызметкерінің оқыған-оқымағаны туралы ақпаратты онлайн ала алады. Айтпақшы, біз бұл жұмысты жүргізген кезде, кейбір дипломдардың жалғандығы бойынша көптеген жағдай анықталды, — деп атап өтті ол.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия