jasqazaq.kz

Аймағамбетов оқушылардың қауіпсіздігі туралы: Мәселе толық шешілген жоқ

02 қараша 2021, 16:26

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамту мәселесінің толық шешімін таппағанын алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерге арнаулы күзет қоюды тапсырдық. Елорданың №58 мектебінде болған жайт мәселенің толық шешілмегенін көрсетіп отыр. Сол себепті қарашаның екінші жартысында ел бойынша қосымша тексеріс жүргізіледі. Мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеткілікті уақыт берілді, шешім бар, қаржы бөлінді. Мәселені шешуге толық мүмкіндік бар. Қайталап айтамын, ең бастысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесі жиынында.

Бұған дейін министр таяуда елорданың №58 мектебінде ата-аналардың ресми түрде бас тартуына қарамастан балаларға жасырын екпе салып жатыр деген оқиғаға қатысты жағдайды түсіндіді.

«Қауіпсіздік алгоримті, шешімдер, техника, бейнебақылау камерасы бәрі де балалардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуі керек. Бұл жайтты қауіпсіздікке тексеру болды десек болады. Ал егер мүлдем басқа адамдар болса не болар еді? Ол аздай оқиға болғаннан кейін араға бірнеше күн салып айтыла бастады. Мектеп басшылығы болған жағдайға жедел әрекет етпеуімен қатар, оны жасырып қалмақ болған», — деген еді ведомство басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде