jasqazaq.kz

Аймағамбетов: Мұғалімдерді жұмысқа алудың орталықтандырылған платформасы іске қосылады

22 қараша 2022, 14:04

Желтоқсан айында мұғалімдерді жұмысқа алудың орталықтандырылған платформасы іске қосылмақ. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл өте маңызды мәселе, педагогтер айқын, ашық, әділ жолмен жұмысқа қабылдануы керек. Сол үшін біз заңнаманы өзгертіп, жаңа жүйені енгіздік. «Ауруын жасырған өледі», — дегендей біз осындай жергілікті деңгейдегі болып жатқан мәселелерді жасырмаймыз, айқын көрсетуіміз керек. Әрі қарай да бақылап, тексеріп отырамыз. Қаласа да, қаламаса да, кімнің мүддесі болса да біз бұл мәселе бойынша нақты әділдікті орнатамыз. Мұғалімдер тек қана конкурспен, біліктілігін дәлелдеп, диплом бойынша жұмысқа алынуы керек», — деді министр.

Министрлік бұл проблеманы арнайы платформа арқылы шешуді жоспарлап отыр.

«Жоғарыда көрсетілген проблемаларды жүйелі шешу үшін енді орталықтандырылған арнайы цифрлық платформаны осы желтоқсан айында іске қосуға дайындық жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Яғни, енді бүкіл мектептер жұмысқа алу үшін осы платформа арқылы өздерінің вакансияларын көрсетіп, барлық мәселелерді айқын, ашық жүргізіп, нақты тиісті шешімді іске асыруға мүмкіндік алады. Өйткені біз көріп отырмыз. Хабарландыруды екі сағат іліп қояды да, екі сағаттан кейін алып тастап, «біз хабарландыруды ілдік» деген сияқты осындай сылтаулар бар», — деді Асхат Аймағамбетов.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта