jasqazaq.kz

Аймағамбетов: Қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыруды балабақша мен мектептен бастаймыз

22 желтоқсан 2020, 21:43

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі, орта және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту ісіне басымдық беруді тапсырды.

«Жалпы мемлекеттік тілдің аясын кеңейту – бәріміздің парызымыз. Ол сөзсіз, түсінікті мәселе деп ойлаймын. Елбасының мемлекеттік тілді дамыту саясатына сәйкес, білім саласында біраз жақсы өзгерістерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді білім беру саласында дамыту бойынша бізге тапсырма берген болатын. Әрине, білім саласында тиісті өзгерістер болмаса қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру қиынға айналады. Сондықтан келесі жылы Тіл комитетінің Білім және ғылым министрлігіне беріліп жатқаны бекерден бекер емес. Мұның бәрі жүйелі түрде осы саясатты жүзеге асыру үшін жасалып отырған қадамдар», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында.

Министр қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру мәселесі келесі жылдың басты шаруаларының бірі болатынын атап өтті.

«Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарламаларды жетілдіру ұсыныстарын қолдаймыз. Университеттерде қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін қалай даярлап жатырмыз деген мәселе бойынша да өзгертетін шаруалар бар. Ректорлар оны біледі. Біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын өзгерту мәселесі де бар. Әдістеме, оқулықтар бойынша бір сөзбен айтқанда, жүйелі өзгерістер керек. Бірақ оның бәріне ғалымдар, әдіскерлер атсалысуы қажет», — деді ол.

А.Аймағамбетов негізгі мәселе – мектепте, балабақшада қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту екенін жеткізді.

«Орыс тілде оқитын балалар бар. Олар қазақ тілін 11 жыл оқып шыққанымен, қазақ тілін меңгеру деңгейін көріп отырмыз. Сағат саны бойынша қарайтын болсақ, қазақ тілінде және орыс тілінде қазақ тілі пәнін оқыту сағаттары тең. Бірақ сапа бойынша сұрақтар бар. Оны жасыруға болмайды. Сондықтан тиісті жұмысты атқармасақ болмайды», — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия