jasqazaq.kz

Айқын Қоңыров: Әр отбасыға 20 сотық жер берілсін

03 ақпан 2021, 22:31

Мәжілісмен кедейшілікпен күресудің жолын тауыпты. Айқын Қоңыров әр қазақстандық отбасына 20 сотық жер телімін таратып беруді үкіметтен сұрап отыр. Айтуынша, баспана бағытындағы бағдарламалар бұқараны емес, бизнесмендерді байытып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

— Қазақстанда тұрғын үй бағдарламаларына қыруар қаражат бөлінеді. Орташа деңгейдегі отбасыны баспанамен қамту мақсаты жоқ. Үйлер салынады, пайдалануға берілген шаршы метрлер де көбеюде. Бірақ халықтың басым бөлігінде тұрғын үй жағдайы жақсы емес. Қарқынды құрылыс әлеуметтік мәселелерді шешпейді, керісінше, инвесторлар мен құрылыс компанияларын байытып жатыр.

Елдің бақуатты өмір сүруіне Айқын Қоңыров «20 сотық жер телімі жетеді» дейді. Оның есебінше, жерге әр отбасы шаңырағын көтеріп қана қоймай, мал өсіріп, егін егеді. Мәжілісмен жер телімін беруге бір бағдарламаны немесе ұлттық жобаны арнау керек деп есептейді. Өйткені қалалардағы әрбір адамның 10 сотық жерді алу құқығына қатысты норма жұмыс істеп тұрған жоқ. «Бұл мәселені ешкім шешуге де тырыспайды» деген Қоңыров, 20 сотық жерді берсек, кедейшілікпен күресе алатынымызға сенімді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде