jasqazaq.kz

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесінен үмітті тоғыздықтың қатарына кірді

18 желтоқсан 2018, 12:08

Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты фильмі «Шетелдік үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесінің тоғыз үміттіден тұратын шорт-листіне кірді. Бұл туралы америкалық жүлденің ресми сайтында хабарланды.

«Айка» картинасы Қазақстан атынан қатысып жатыр. Оның басты бәсекелестері — мексикалық Альфонсо Куаронның «Рим» атты фильмі, Каан кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағын» алған жапониялық Хирокадзу Корээданың «Дүкен ұрылары» картинасы, польшалық режиссер Павел Павликовскийдің «Суық соғыс» картинасы, ливан лентасы «Капернаум», неміс картинасы Never Look Away, даниялық фильм «Кінәлі» және колумбиялық лента Birds of Passage. АҚШ киноакадемиясының жүлдесінен үмітті бесеу 22 қаңтарда аталады. «Оскар» жүлдесін табыс ету салтанаты 24 ақпанда өтеді. «Айка» фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды. Драмадағы басты рольде петропавлдық Самал Еслямова ойнады. Ол биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел ролі» номинациясы бойынша жеңімпаз болды.

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады