jasqazaq.kz

«Айка» фильмі Қытайда екі жүлдеге ие болды

25 қараша 2019, 10:11

Қытайдың Фуцзянь провинциясының Сямынь қаласында өтіп жатқан «Golden rooster and hundred flowers» 28-фестивалінде «Айка» фильмі екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай-ақ, кинофестиваль шеңберінде Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл туралы продюсер Зарина Кисикова Facebook-тегі парақшасында жазды. «Кеше «Golden rooster and hundred flowers» кинфестивалінде Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі көрсетіліп, оны тамашалаған көрермендермен кездесу өткізілді. Фильм көрермен мен дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Кинотуынды Қытай билігінің рұқсатын алып сол елдегі прокатқа шығады деп үміттенеміз. Алда көптеген айдың жұмысы тұр. Сонымен қатар, «Айка» фильмі кинофестивальде Best leading actress by Audience Award және Best foreign director by Audience Award жүлдесін иеленді, Сергей Дворцевойды (ресейлік режиссер-авт) құттықтаймын», — деп атап өтті Зарина Кисикова. «Golden rooster and hundred flowers» фестивалі- Қытайдағы ірі киножүлде. Байқаудың «Алтын әтеш» мүсіншесін кәсіби қазылар тапсырады, ал «Жүз гүл» жүлдесінің иегері көрермендердің дауыс беруімен анықталады.

Фильмде басты рөлді Халықаралық Канн-2018 кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі үшін» жүлдесіне ие болған қазақстандық актриса Самал Еслямова сомдайды. Фильмде Қырғызстаннан Мәскеуге келіп, онда заңсыз жұмыс істеп жүрген жас эмигрант әйелдің оқиғасы, оның ішкі адами өсуі, аналық сезімі баяндалады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда