jasqazaq.kz

Айгүл Соловьева: Көмірді жасырын субсидиялауды қою қажет

17 қантар 2019, 15:44

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басшысы Айгүл Соловьева баламалы энергия көздерін дамыту жолдарын ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

«Бүгінде баламалы энергия көздері қымбат деген миф бар. Газ да тиімсіз дейді. Ал көмір неге арзан? Себебі бізде көмір саласын жасырын субсидиялау тетіктері бар. Мәселен, көмірді теміржолмен тасымалдағанға да субсидия бөліп отырады. Ал ондай қосалқы субсидиялау болмаса, оның бағасы газбен бірдей болады», — деді А.Соловьева Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның ойынша, қазіргі кезде баламалы энергия көздері қымбат болса да, болашақта арзан, тіпті тегін түсуі әбден мүмкін. «Мәселен, Калифорнияда ондай энергия көздері бір жыл бойы тегін болды дейді. Сондықтан бізге осы бағытта жұмыс істей беру керек. Сосын бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына тездетіп көшу керек. Оған сәйкес, ауаның ластануы адам денсаулығына тигізетін әсерімен — pm2, pm01,pm10 деп белгіленеді. Осыны Экологиялық кодекске енгізген жөн. Әйтпесе, бізде бір тоннаға шаққандағы миллиграммен өлшенеді. Негізі, ондай қалдықтарды адам денсаулығына тигізетін әсерімен өлшеген дұрыс», — деп атап көрсетті А.Соловьева.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық