
Белгілі блогер Айгүл Орынбек Руслан Жанпейісовтың ұсталғанын растады. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
Руслан Жанпейісов ұсталғаны рас па?- деп сұрап жатқандарға айтарым, бұл ақпарат рас! Белсенді болған дұрыс, бірақ заңды бұзбай халыққа өнеге көрсету керексің. Бұл жолды таңдадың ба? Заңмен жүруді үйрен! Себебі шындықты айтқан сайын дұшпаның көбейеді. Елдің қолдауын өз жеке басының мәселесін шешу үшін пайдаланудың қажеті жоқ! Тек заңгер емес, белсенді ретінде осы жолда жүргеніме алты жылдай уақыт болыпты. Көптеген белсенділерді көрдім. Тез танылып, тез өшкендер ді де білем. Кейбір белсенділер халықтың қолдауын табыс көзіне айналдырып, елді бопсалап, мемлекеттік қызметкерлерге дөрекілік танытып жатады. Халыққа заңды үйретіп, өздері заңды өрескел бұзып жатқанын байқамай қалады. Русланға мен бірнеше рет ескерткем видеоларыңда көптеген құқық бұзушылықтар бар. Тыныш жүрсей, бәрін заңды істесей деп. Алайда интернет жұлдызы ауруымен ауырған адамды дұрыс жолға салу қиын екен. Өткенде қала тұрғынына газ шашқан, сол кездің өзінде заң бұзған. Ол азамат арызданды ма, білмеймін. Одан ұлтараздық қоздыратын әңгіме айтты. Полиция қызметкеріне «Нациссің » деген сықылды. Ол жерде де заң бұзушылық фактілері бар болатын. Ал енді полиция қызметкерлеріне қол көтеру, бұл барып тұрған бұзақылық. Белсенді болу заңды ұмыту емес, заңмен жүріп заңның орындалуын мәдениеті түрде талап ету.
Полиция қызметкерлеріне қарап тікелей эфирде тұрып, «Ты че тупой»- деп айтудың өзі дұрыс емес! Ия белсенді болыңыздар! Бірақ қоғамды және ұлттың тілін сыйлаңыздар! Бар айтарым осы! Әділдігін сот шешеді!- деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram