jasqazaq.kz

Айгүл Мүкей кинодағы рөлінің ақысына «манты» алғанын айтты

29 қыркүйек 2021, 14:20

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей кино факультетінде оқып жүрген кезінде басынан өткен небір қызықты хикаяларын баяндады. Ол бір кездері бір рөлдің ақысына «манты» алғанын айтты. Көпшілікке жаңалықтар тізгіншісі ретінде танылған Айгүл жақында сериалға түскенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бойжеткен, сен киноға түскің келе ме?» Менің замандастарым осы фильмді білуі тиіс. Олардың әрқайсысы көшеде жанына режиссер немесе ассистент келіп, киноға шақырғанын елестеткен.

Мені жаңа толқынның барлық дерлік режиссерлері киноға шақырған. Сатыбалды Нарымбетов, Талғат Теменов, Дарижан Өмірбаев, Ардақ Әмірқұлов, Әмір Қарақұлов…

Негізінен массовкаға түстім. 3 күн қатарынан дискотекада билеп, ақысына манты алған кезім болған. Ал Нарымбетовтың «Омпа» фильмінде тойда жүрдім.

Тағы бір есте қалған эпизод, әл-Фараби көшесімен кептелісте келе жатып, артынан бірден: “Кір, сүйгеніңді жоғалттым деп егіліп жыла», – деді. Кептелістен кейін қолымнан келмеді. Эх…» – деп күрсінді тележүргізуші.

Айгүл Мүкей кино факультетінде жүргенде қыздармен өзара «киноға түскің келсе, сабақта отырма, дәлізде еркектерге көзіңді тік» деп қалжыңдасатынын еске алды.

«Мүмкін режиссер актриса іздеп жүрген шығар», – деп жазды Мүкей.

Жастық шағында тек қана массовкада бой көрсеткен Айгүл енді отандық телехикаяда басты рөлді сомдады. KazNews атты телехикая тележурналистика мен ТВ-ның ішкі «асханасы» жайлы болмақ.
Туынды жуырда «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия