jasqazaq.kz

Айгүл Қосанова: Пендешілік қателік жасадым (Видео)

02 маусым 2021, 16:45

ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші – Айгүл Қосанова «Еуразия» бірінші арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасында қонақта болып, отбасындағы ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. Өмірінде есеңгіреткен екі трагедия туралы ашып айтты. Оның алғашқысы әкесінен айырылуы еді…

Мен әкем үшін аспандағы жұлдызбен тең едім! Сыртта, басқа қалада жүргендіктен үйдегілер маған көп жағдайды ашып айта бермейтін. Әкемнің қатты ауырып жатқанын да менен жасырған. Мен үшін өте қиын кезең еді. Ең жақын адамды жоғалту кімге болса да қиын деп ойлаймын. Әкем жол апатына түсіп қалғаннан кейін 33 жыл анамның қоына қарап, сол кісінің бағуымен өмір сүрген адам. Егер менің анам әкеме дұрыс қарамағанда осынша жасқа жетпес те еді деп ойлаймын. Сол себепті біз анамызға қашан да алғыс айтамыз. Әкеміз жұмыс істемесе де біз үшін абыройын түсірмей, асқар тау етіп отырғандығы ерлікпен тең. Төсек тартып жатып қалғанын естігенде ауылға апта сайын барып тұрдым. Соңғы барғанымда түні бойы әкеміздің қасында отырдық. Барлық балалары, бауырлары жиналған еді. Таң ата менің қолымда үзіліп кете барды, деген әнші көз жасына ерік берді.

Өмірлік серігі өзінен бір мүшелге үлкен екенін айтқан әнші, махаббатың жасқа қарамайтынына сенімді. Үш бала тәрбиелеп, айрандай ұйып отырған бұл отбасында еш қайғы болмағандай көрінуі мүмкін. Бірақ…

Тұңғыш ұлым Әлібек 1 жасқа келгенде қуаныштан ұлан-асыр той бердік. Тойдан кейінгі үш-төрт күнде баламыз комаға түсіп қалды. Жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтық. Баламыз жансақтау бөлімінде жатты. Сол кездердегі әр минут, әр секунд біз үшін азапты болды. Сол екі аптада жолдасымның шашы ағарып кетті. Ең қиыны бұл өлімге мен өзімді кінәлаймын. Үлкен қателігім 25-ші қарашада анамның туған күні еді. Менің босанатын уақытым да таяп қалған болатын. Бірақ мен анама сыйлық жасағым келгендіктен дәрігерлердің көмегімен мерзімінен бұрын босандым. Алланың қалауымен дүниеге келетін күнін өзгертіп, пендешілік қателік жасадым. Мен асығып дүниеге әкелген балам өмірден асығып өтіп кетті, деп Айгүл Қосанова ағынан жарылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия