
Jas qazaq: Елудегі әжелердің бейнесінде тағы қандай жат мінез бар?
А.Ісмақова: 90-жылдардағы тоқырау кезінде еркектер жұмыссыз қалып, әйелдер қап арқалап базарға шықты. Еркегін де, балаларын да асыраған сол әйелдер бізге бәрі рұқсат етілген деген ойды миына «заң» деп сіңіріп алды. Қомақты қаражат тауып үйренген қаланың кейбір әйелдері еркіндікті өзгеше түсінеді. Жоғары лауазымды қызметтегі, абырой-атағы бар үлкен әйелдердің арасында да жас жігіттермен араласуды жасырмайтындар жоқ емес . Бұл тек да ақша мен билікке ие болғандықтың салдары . Ұлт дәстүрі мен жар, ана, әже болудың қандай абырой екенінен мақұрм қалғандардың пендешіліктері туралы өздерінің сұxбаттарынан да оқып жүрміз.
Біздің әдебиет пен тарихымыз Қарқабат,Домалақ ананың кім екенін, Зере мен Ұлжанның қандай ана болғанын, Айғанымның қандай тұлға болғанын айтпаса, ұрпақ оларды қайдан білсін? Әлиxан Бөкейxан мен Шәкәрімнің аналары кім болғанын білмейтіндер үшін Анжелина Жоли мен Мадонна ғана үлгі болып келеді. Яғни біздің жан-дүниеміздегі рухани орын бос тұр. Мектепте оқытылмайды, теледидардан насихатталмайды. Сөйтіп, жан-дүниеміздегі рухани бос жерді қайдағы қоқыс толтыруда.
Абылай хан мен Кенесары кезінен қалған патшаға жазған «доностар» бар. Сонда «Қазақты құртудың бір-ақ жолы бар: отбасындағы ер-азаматтың рөлін жойып жіберу керек» делінген. Тұрсын Жұртбай бұл туралы соқырға таяқ ұстатқандай жазды. Қоғамда тек әйелдің мәртебесін көтерген жағдайда, еркек ынжық боп қалады. Ал ынжық еркектен ез бала туады. Осылай ұлтты ез ету іске асып жатыр.
Сұқбаттың толық нұсқасын газетіміздің жұма күнгі санынан оқи аласыздар.