jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаеваның аяғы ауыр ма?

10 тамыз 2018, 11:44


Әнші Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығуға дайын екенін айтып көпшілікті қызықтырып қойған еді. Алайда ол тойының 2019 жылы шет елде өтетінін айтқанымен, нақты уақытын атамады.

 Stan.kz. жазғандай, ал әншінің күні кеше желіде жариялаған суретінен кейін тыңдармандары оны жүкті деп топшылауда.
Айгүл Иманбаева Instagram-парақшасында кең көйлек киіп түскен суретін жариялаған.
Осыған байланысты аңғарымпаз желі қолданушылары әншінің аяғы ауыр деп топшылады. Пікір қалдырушылардың дені Иманбаевадан жүктілігі туралы сұрап, сауалдарын жаудыруда.
«Айгүл екіқабат па не?», «Аяғы ауыр сияқты», «Айгүл ханым, жүктісіз бе?», «Ішіңдегі бөпең құтты болсын. Жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Сондықтан өте қуаныштымыз. Әйел бақытына бөленіп жүре бер», «Аяғыңыз ауыр сияқты болып тұр», – дейді пікір қалдырушылар.
Десе де кейбірі Айгүлдің жай ғана кең көйлек кигенін айтып жатыр. «Жай кең көйлек киген ғой. Үлгісі сондай. Ыстық күнде жеңіл», «Жай көйлектің пішіні шығар. Және Айгүл өзін өсектегенді ұнатады. Әдейі істеп тұрған ғой», «Мына көйлек сізді толық етіп көрсетеді», – дейді Insta-оқырмандар.
Алайда әнші жүктілігі туралы қойылған сұрақтарға жауап берген жоқ. Айта кетсек, таяуда Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығуға дайын екенін мәлімдеген еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде