jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: министрлікке жұмысқа кіру үшін ардан аттап өту қажет

27 қыркүйек 2018, 16:57


Актриса министрлікке жұмысқа кіру үшін ардан аттап өту қажет болатынын айтты.

caravan.kz жазғандай, Айгүл Иманбаева өзіне ұсынылған қызметтер туралы және оларды неліктен қабылдамағанын түсіндірді. Актриса бір кездері өзіне жасалған ұсыныстардан бас тартқаны үшін өкінген сәттері болғанын жасырмады. Десе де, айтуынша, бұл ұсыныстарды қабылдау үшін ар-ұяттан аттап өтуге тәрбиесі жібермеген екен.

«Қазақта арың мен намысыңның құлы бол деген бата-тілек бар. Қолдан келгенше ардан аттамауға тырысамын. Сол дүниеден аттағанда мен қазір жоқ дегенде мәдениет министрлігінде, болмаса үлкен «креслода» отыратын едім. Оған мүмкіндік те, талай ұсыныс та болды. Моральдық тұрғыдан аттай алмасаң, маңдай тер мен еңбек, адал тапқан табысыңа жүгінесің. Осы нәрсенің нәтижесі тәтті болады екен. Оны енді сезініп жатқан жайымыз бар. Сол кездері «Неге сөйтпедім?! Маған ұсыныс жасап еді, неге бас тарттым? Әттеген-ай» деген кездерім болды», — деді Айгүл Иманбаева Сенбілік таң бағдарламасында.
Әрі қарай актриса бүгінде ары таза болғандықтан, жақындарының көзіне тік қарап абыроймен жүргенін айтып өтті.

«Осы нәрсенің қайыры бар. Ол — балам, анам мен ағайын-туысымның алдында ашық-жарқын, абыроймен жүргенім. Арымнан аттамағандықтан осылай жүрмін деп ойлаймын», — деп қорытты Айгүл Иманбаева.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді