jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: Екі жыл бойы ауыр дертпен күрестім

14 наурыз 2018, 17:55

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева соңғы екі жыл бойы ауыр дертпен күрескенін айтты. Осынша уақыт бойына спортты, бірнеше жобасының жұмысын барынша сырып, уақытын денсаулығына арнаған актриса сахнаға, өнерге қайта оралдым деп мәлімдеді.

«Расын айту керек, анам да балам да қатты қорықты. Енді барлық затқа дайын болатындай халде едім. Бір аунап тұрдым десем болады. Өмір бойына айналысқан спортты да тастауыма тура келді. Қазір енді аяққа тұрып, жұмыстарымды қолға алып келемін.
Қазір денсаулығым жақсарып келеді. Көпшілік ауырғанымды Инстаграм арқылы да білетін болар. Ашылып айтпасам да түрімнен байқап, жекеме хат жазған халық қарасы көп болды. Ия, қатты ауырдым. Енді жақсымын. Өнерімді, барлық жобамды қайтадан көтеріп, іске кірісіп өздеріңіздің алдарыңызға қайта оралдым десем де болады»,-дейді Әнші.
Елді өнерімен өзіне қаратқан Айгүл жақында тұрмысқа шығуды жоспарлап жатқанын да жасырмады.
«Мен осыған дейін «міне тұрмысқа шыққалы жатырмын» деп талай айттым. Ол дегеніңіз жақсы дүние. Ниетім бар. Әр адамның құдайдан үміті бар ғой. Неге әйел бақытын сезініп, сүйіктімнің сүйкімді жары болып жүрмеске.
Бірақ маған өзіме лайық нар жігіт керек. Арзан әңгімеден биік, өрелі, деңгейі жоғары,әйел сыйлауды білетін, сыртта сүйкімді, отбасында өзгере кететін ер азаматтар ұнамайды. Өзімді сондай адамға лайықтымын деп түсінемін. Егер менің таңдаған адамым осындай талабыма сай болып тұрса, мен де қарапайым келін Айгүлге айналуға дайынмын.
Қыздарға айтарым, өздеріңізді сыйлаңыздар. Мінезді, нағыз ер адамды таппайынша, тұрмысқа шықпаңыздар. Ол өзіңді-өзің қорлау деген сөз. Оданда жалғыз жүрген жақсы. Енді мен тұрмысқа шығам. Бірақ, дүркіретіп той жасамаймын.»,- деді Айгүл Иманбаева.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде