jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: Біздің еркектер қорқақ, тоқалдарын елге көрсете алмайды

25 мамыр 2018, 16:38

Таяуда БАҚ құралдарының бірі Айгүл Иманбаеваның атынан жалған ақпарат таратқан. Оған сәйкес, Иманбаева “ғашық болып қалған жағдайда, біреудің тоқалы болуға да дайын” екенін айтыпты-мыс.

Stan.kz хабарлағандай, алайда  актрисаның өзі мұны түбегейлі жоққа шығарып отыр. Ол, тіпті сөзін бұрмалаған акпарат құралымен соттаспақ болыпты. Бұл туралы актриса “Время” газетіне берген сұхбатында айтты.
“Мен керісінше, ақша үшін егде жастағы адамға шықпаймын, тоқал болмаймын деп айттым. Бұл барып тұрған сорақылық”, – дейді Иманбаева.   Актриса жалпы тоқал алу мәселесін құптамайтынын түсіндірді.
“Біздің азаматтар оған дайын емес. Олар – сужүрек, бәрінен қорқады. “Менің үш әйелім бар” деп ауызбен мақтанады. Ал шын мәнінде екінші не үшінші әйелі тасада қалып қояды, шет жақта баласын туады, бірінші әйелі олардың бар екенін де білмейді. Тоқалдар адам ұқсап ешқайда бара алмайды, тек тығылып өмір сүреді. Ондайды айналамнан, өз таныстарымнан көріп жүрмін. Жалпы бұлай біреудің тоқалы болудың, тұрмысқа шығудың не қажеті бар екенін білмеймін. Егер ол тоқалы туралы бәйбішесі, балалары білмесе? Әйелдер мұндай некеге қалай келісім береді, түсінбеймін”, – дейді Айгүл.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді