jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева бір жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

15 наурыз 2018, 15:20

Елімізге белгілі әнші Айгүл Иманбаева өзінің биылғы жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын айтып берді деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасы.

Әнші осыған дейін бірнеше рет тұрмысқа шығатынын айтқан болатын. Алайда, ол болмай қалды.

«Құдай қаласа, бәріңізді тойға шақырамын. Бірақ, мен ақ көйлек киіп той жасамаймын. Себебі, баламның өзі үйленетін жасқа жетті. Жаныңды түсінетін азаматыңның болуы керек», — деді әнші.
Сондай-ақ әнші өз талғамындағы ер-азамат жайлы айта кетті.

«Мен тоқал болуға және өзімнен үлкен ер адамға тұрмысқа шығуға қарсымын. Сонымен қатар, біреуден тығылып өмір сүре алмаймын. Егер тұрмысқа шығатын ер адамың жаныңды түсінетін, басы бос адам болса, бір жылдан қалмаймын-ау. Жанымдағы ер адамның жүрегінің түгі болу керек. Себебі, анау-мынауға бағынатын, ығына жығылатын жастан өтіп кеттім. Маған ішкі мәдениет жоғары, етек-жеңнің арасындағы әңгімені елемейтін азамат керек. Былай айтқанда әркім өзімен деңгейлес адамды тапқаны дұрыс. Сондай адам жолықса, неге оның алдында иіліп жастық болмасқа», — деп сөзін түйіндеді әнші.
Айта кетейік, әнші егер жаны қалаған азаматы жолықса, оның жүрегіне тыныштық сыйлауға сөз берді.

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде