jasqazaq.kz

Айгүл Иманбаева: Әріптестер арасындағы бақталастықтың мықты екенін айтты

15 наурыз 2018, 16:49
Айгүл Иманбаева өзінің жеке театрын Астана қаласында ашқанына бірнеше жыл өткен. Әртіс әріптесі Азамат Сатыбалдыдан театрымен елордаға көшіп келмеуін сұраған. 
Nur.kz. хабарлағандай, әнші сахнадағы әріптестері арасындағы бақталастықтың мықты екенін айтты. Иманбаеваның айтуынша, біреудің жаңа ән шығарғаны, өзгенің арықтап кеткені өнер иелеріне орнынан қозғалуға себеп болады екен.

«Мен барлық әріптестерімнің тілекшісімін. Алайда, өнерде бақталастық деген бар. Әншілермен дос емеспіз. Біз әріптеспіз, үзеңгілеспіз. Бұл рас нәрсе. Мысалы, Азамат Сатыбалды театр ашты. Менің театрым Астанадан ашылғанына алты-жеті жыл болды», — деген әртіс ағынан жарылды.

«Мен Азаматқа «ойбай, сен Астанаға келмеші» десем, ол «Сен Алматыға келме» деп күледі. Оның театрының ашылғанына бір жыл болды. Алайда менің сахналайтын көріністерім аз. Сондықтан менен де ұйқы кетті. Осындай себепті мен көп әншілермен «сорпамды» көп араластырмаймын. Жақын достарым саусақпен санарлық қана», — деді Айгүл Иманбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде