jasqazaq.kz

Әйгілі жарнамашы Джеймс Хёрмэннің кітабы алғаш рет орыс тілінде шығарылады

17 қазан 2018, 13:04
 Оңтүстік астанада жарнамалық индустрия саласындағы атақты сарапшы Джеймс Хёрмэннің «The Case For Creativity» — «Аргумент в пользу креативности» кітабының алғаш рет орыстілді нұсқасы  баспасөз өкілдеріне таныстырылды. 
Бұл кітап креатив туралы заманауи бизнес басылымдары үшін ең қажетті кітаптардың бірі саналады және креативттік пен тиімділіктің қайысысы маңызды деген пікірталасқа нүкте қояды. Әлепмдегі бренд-компаниялар – Heineken, Adidas, Unilever, McDonald’s, BMW, Burger King, Nike, Honda, Procter&Gamble, заманауи бизнес осылар арқылы қалыптасады, олар терең сараптама мен статистикаға сүйеніп, осы тақырып бойынша өз тұжырымдарымен бөліседі.
Big Won Report есебінің нәтижесі бойынша кітаптың авторы Джеймс Хёрмэн әлемдегі №1 жоспарлау ди⁠ректоры саналады. Оның еншісінде 20 «Канн арыстандары» мен тиімділігі үшін 50-ден астам жүлде бар, бұл креативттік пен тиімділіктің, креативттік пен компания табысының өсуі, креативтілік пен акция бағасының өсуі тікелей байланысты екенін дәлелдейді. Бұл мәліметтер 30 жыл бойы жасалған халықаралық зерттеулердің нәтижесімен шықты және ол халықаралық бизнес-аймақта нағыз сілкініс жасады. Кітапты Қазақстанда да басып шығару идеясының авторы отандасымыз, «А-3 Практикалық Жарнама Мектебінің» негізін қалаушы және Канн Арыстандары Халықаралық Креатив Фестивалінің Қазақстандағы эксклюзивті ресми өкілі Асхат Өскембаев болды.
Ол: «1997 жылы маркетингілік коммуникацияға түскен алғашқы күнімнен бастап тек креатив туралы әңгімелер естіп келемін, бірақ олар тек әңгіме жүзінде ғана қалып жүрді. Ал бизнес болса, қозғалысын жалғастырып жатыр, 20 жыл бұрын да солай болған. Телевизиялық жарнамалық бюджеттер жыл сайын миллиондап кетіп жатыр, бірақ креатив болмаса, бұл ақшалар нәтижесіз шашылады. Біз өзіміз экономиканы дамытып, кейін доллар курсына тәуелділігімізге, девальвацияға, өсіп жатқан бәсекелестік және басқа да түрлі себептерге шағымданып, әйтеуір, бизнестің өсуіне солар кедергі деп ақталамыз. Қазақстан үшін креативті болу күн көріс мәселесі дер едім. Ал алға ұмтылғысы келетін және табысты әрі тиімді болғысы келетін адамдардың бәріне де Джеймс Хёрменнің кітабы көмектеседі»-деді.
Асхат Өскембаевтың бастамасын Billboard Video медиа компаниясының басқарушы ди⁠ректоры Ерлан Минавар қолдап, қазақстандық басылымның демеушісі болды:
— Бүгін әлемде сандық ауысым, ал елімізде өзгерістер болып жатқан кезде әр түрлі саладағы адамдар шығармашылық көзқарас өте жақсы нәтиже алып келетінін түсінуі маңызды.
 Маңызды ақпаратты терминдерсіз және англицизмсіз барынша түсінікті қылу үшін «Аргумент в пользу креативности» кітабын аударуға Анастасия Гончароваға ұсыныс жасалды, ол жарнамалық индустрияда үлкен тәжірибеге ие, ал қазір Алматы жобаларының кросс-мәдени кураторы:
— Кітап «Аргумент в пользу креативности» деп аталады. Менің де, автордың ба аргументтері жеткілікті. Экономист Роберт Самуэльсон айтқандай: «Әр уақыттың өз қиялы бар. Біздің уақытта – бұл гүлдену күшіне деген жалынды сенім». Мұның бәрі де сарқылып келеді, әл-ауқаттылық пен гүлдену үрдісі тұрақсыздау болып тұр. Ал креативтікті адамнан тартып алу қиын, бірақ оны дамыту өте оңай. Бұл ресурс пайдалы қазбаларға қарағанда тиімдірек жаңартылып жатыр.
«Аргумент в пользу креативности» кітабы халықаралық түрде мойындау мен жарнамалық кампаниялардың жүлделері және осы кампанияны шығарған бизнес өкілдері үшін тиімді әрі табыс өсімі арасында тікелей байланыс бар екенін дәлелдейді. Мысалы, әлемдегі ең атақты әрі беделді креативтік фестивалі Канн Арыстандарымен марапатталған жарнамалық кампаниялар жүлде ала алмағандарға қарағанда 11 есе тиімді болып шықты. Яғни, олардың нәтижелері 11 есе мықты болды немесе 11 есе аз шығын шығарды. Дәлірек айтқанда, креативтік – тек тиімді ғана емес, экономикалық тұрғыдан дұрыс. Естеріңізге салсақ, Қазақстан өкілдері ешқашан Канн Арыстанын алып көрген жоқ, бірақ Асхат Өксембаев «Аргумент в пользу креативности» кітабы осы жағдайды өзгертуге көмектеседі деп сенеді.
Қазақстанда Джеймс Хёрмэннің кітының 500 данасы ғана шығарылды, ол сатылымға арналмаған. Кеш барысында баспасөз өкілдеріне креативті кітап таратылды. Алдағы уақытта  журналистер кітаппен танысып өз ойларын білдіретін болады.
«Аргумент в пользу креативности» кітабын дүйім жұрт 2019 жылы сатып ала алады.
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде