jasqazaq.kz

Айгүл Кемелбаева: Ауылға Чернобыль консервісін әкелген

31 тамыз 2016, 0:27

c48a547f3afb570ed68ee97e184272d9_resize_w_520_h_

Күллі қазақтың жанына ауыр сырқат, жүрегіне сызат салған Семей полигоны жайлы әңгімелер көп. Әсіресе, сол өңірде туып-өскендер үшін қасіреті бөлекше. Төменде Шығыс өңірінің тумасы, жазушы Айгүл Кемелбаевамен өткен шағын сұхбатымызды ұсынамыз.

— Семей полигоны – ұлттық трагедиялардың бірі. Оның қасіреті сіздің балалық шағыңызда қандай әсермен есте қалды?

— Семей облысының Абай ауданы полигонның эпицентрі ғой. Біздің ауылда мұның зардабы әлі өшер емес. 40-45 жастан асқан соң өлім-жітім көбейді. Менімен бірге оқыған балалардың көбінің әкесі полигоннан шөп таситын, сол кісілер ұзақ жасаған жоқ. 10 кластан бастап бір-бірлеп дүниеден өтті. Ел полигонның кесірі дейтін.

— Бала күніңізде жадыңызда қалған бірер оқиғаны айтып өтсеңіз.

— Тағы атыпты, тағы сынақ болыпты деген сөз көп естілетін. Есімде қалғаны, Чернобль апатынан соң біздің ауылға балық консервісін су тегін дерлік тиын-тебенге сатқаны болды. Ел айтып жүрді, атом станциясы апатқа ұшыраған Чернобльдан әкелген тамақтар деп. Бұлар полигонның адамдары, бұлардың организмдеріне түк әсері жоқ деп әкелген, біреулер ақша жасаған шығар.

— Бұл трагедияға ұлт тағдырына күйінетін, жаны нәзік жазушы ретінде көзқарасыңыз қалай?

— Бұл сәнге ұстайтын, ұпай табатын тақырып емес қой. Полигоннның шын бейнесін білгіңіз келсе, Медеу ағамның «Семей қасіреті» атты кітабын оқу керек. Үлкен жазушы Медеу Сәрсеке күллі документтерді зерттеп, 800 беттік үлкен кітап шығарды. Сонда бәрі бар.

Академик Рымғали аға Нұрғалиевтың, Роллан аға Сейсенбаевтың прозасы, Есенқұл Жақыпбектің полигон қасіретіне арналған поэмасы бар.

— Семей полигоны әкелген қасіреттерге байланысты жазған шығармаларыңыз бар ма?

— Әзір жоқ, бірақ көкейімде бір сюжет жүр. Оған қолдан жасалған сюжет салмаймын, анам айтқан дүниені саламын.

Менің анамның жақын туыстары алғашқы кезеңнен зардап шеккен, сол екі туысының бейнесін бір әңгімеме саламын. Ал жаман ауруға ұшыраған, содан кеткен жандарды айтпай-ақ қояйын.

baq.kz

Бүгін, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
Бүгін, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики