jasqazaq.kz

Әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді

07 қазан 2019, 12:41

Елордалық азамат отбасылық жанжал салдарынан әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді.

«6 қазан күні сағат шамамен 11.40-та полицияға қоғамдық көлік аялдамасында (Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ауданы) денесінде күйік шалу белгілері бар әйелдің отырғандығы туралы ақпарат түсті. Әйел ауруханаға жеткізіліп, жатқызылды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдікті ретінде әйелдің 43 жастағы күйеуін ұстады», — делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада. Департамент мәліметінше, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін тасалау жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. «Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындап отыр. Ол Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды», — деп атап өтті ведомстводан.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда