
Өзбекстанда өз әйелінен таяқ жеген ер адам полициядан көмек сұрады.
Өз әйелінен таяқ жеген ер адам полициядан көмек сұрады. Stan.kz хабарлағандай, оқиға Самарқанд облысының Нарпай ауданында тіркелген. Әйелінің ұрып-соққанына шыдамаған ер адам шұғыл қызмет нөміріне хабарласып, көмек сұраған. «Ол құқық қорғаушыларға әйелінің өзін ұрып-соғып, денесін зақымдағанын айтқан», – делінеді басылымда. Агенттік мәліметінше, соңғы айларда Өзбекстанда әйелдердің үстінен түсетін шағым артқан.