jasqazaq.kz

Әйелінен қорыққаннан жалған ақпарат берген

04 ақпан 2020, 14:27

Алматы облысының тұрғыны әйелінің ұрысынан қорыққан ер адам тоналдым деп хабар берген.

Бұл туралы  Tengrinews.kz  Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап дайындады.

з ақпанда Талғар ауданының полициясына Гүлдала ауылының 33 жастағы тұрғыны келіп, тоналғаны туралы айтқан. Кейін ер адам тәртіп сақшыларына қайта барып, отбасылық бюджеттен ойын автоматтарына шағын соманы жұмсап, жұбайымен жанжалдаспау үшін тонау туралы оқиғаны ойластырғанын мойындаған.

«Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы («Көрінеу жалған сөз жеткізу») бойынша іс қозғалды. Осы бап бойынша күдіктіге қатысты екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады»,-деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия