jasqazaq.kz

Әйелінен қорыққан Павлодар тұрғыны «мені ұрлап кетті» деп өтірік айтқан

19 қараша 2020, 18:35

19 жастағы Альберт Мухамадеев 16 қарашада Павлодар қаласы маңындағы Ленин кентіндегі үйінен шығып, келесі күні ғана іздестіріліп жатқанын білген. Содан кейін анасы мен әйеліне хабарласып, өзін біреулер зорлықпен ұстап отырғанын жеткізген.

«Бірнеше күн бұрын Instagram-дағы павлодарлық пабликтерде 19 жастағы Альберт Мухамадеевтің жоғалғаны туралы ақпарат жарияланды. Екі күн бойы жігітті тек полицейлер ғана емес, еріктілер де іздеді. Іздеу нәтижесінде жас жігіт аман-есен табылды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, ол 16 қарашада Ленин кентіндегі үйінен жұмысына қарай бет алған. Алайда жол бойында танысының қызын кездестіріп қалып, онымен бірге Павлодар хромзауыты шағынауданындағы танысына қыдырып кеткен. «Осы уақыт ішінде жігіт сонда болған. Оны тапқан сәтте өзін біреулер ұрлап, екі апта қорқытып ұстады дегенді айтқан. Алайда іс жүзінде жігіт екі күн бұрын үйінен кетіп қалған және ұрлау фактісі болмаған», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

 

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде