jasqazaq.kz

Әйеліне пышақ салып, кейін өзін өлтірмек болды

25 желтоқсан 2019, 13:12

Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды. Күйеуінің жұмыссыз екеніне налыған әйелі еріне ауыр сөйлеп, ашуға мінген еркек әйеліне пышақ салған. Артынша өзін өлтірмекші болған екен. Қазір екеуі де ауруханада. Әсіресе, өзін бауыздамақ болған 41 жастағы азаматттың хәлі мүшкіл. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тайбек Садықов Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

— Мойнының айналасында пышақ жарақаты. Яғни, қалқанша безінің және де трахеясына зақым келген. Қан көп кеткен. Пышақ жарақаты көп. Денесінде, қолында, мойнында, арқа, жамбас бөліктерінде пышақ жарақаты бар.

Оқиға Нұрсәт шағынауданында болған. Ерлі-зайыптылардың жанжалдасып жатқанын әуелі көршілері естіпті. Артынша қансыраған әйелдің жанұшыра шыңғырып, терезеден қашпақ болғанын байқаған. Көршілерінің айтуынша, екі баласы бар жанұяда ұрыс-керіс жиі болатын көрінеді. Ал, жанжалға 41 жастағы азаматтың жұмыссыздығы себеп болған сияқты.

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:

— Жанжал кезінде жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне қол жұмсамақ болған. Соның салдарынан екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия