jasqazaq.kz

Әйеліне ашуланып, өз үйіне ұшақпен соқтығысқан (видео)

14 тамыз 2018, 13:08

Оқиғаның соңы үлкен отқа оранып, ер адам қайтыс болған. Ал баласы мен әйелі аман қалыпты.
Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.   ABC News хабарлауынша, Американың Юта штатындағы Пейсон қаласының тұрғыны жеңіл моторлы Cessna 525 ұшағымен өз үйіне соқтығысқан. Үйде әйелі мен баласы болған.  Полицияның деректеріне сүйенсек, ұшақты басқарған Дуэйн Юд қайтыс болды. Ал алпауыт өрттен кейін үй қатты зардап шексе де, оның әйелі мен баласы аман қалды.
Тергеушілердің айтуынша, ұшақ 47 жастағы жұмыс беруші Дуэйн Юдтың өзіне тиесілі. Оның ұшуға рұқсаты болған және тәжірибелі пилот болып есептелген.
Телеарнаның хабарлауынша, өткен жексенбі Юд алкогольді ішімдік ішіп отырып, әйеліне шабуыл жасаған. Содан соң куәгерлер полицияны шақырған. Ол тұтқындалады, кейін кепіл ақша төлеп бостандыққа шығады. Содан соң ер адам Форк-Спрингвилл әуежайына барып, ұшаққа отырады. Кейін өз үйіне соқтығысқан.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді