jasqazaq.kz

Әйелін жерлеуге ақша таппай, сөмкеге салып тастап кеткен

20 қыркүйек 2018, 14:40

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері әйел мәйітін сөмкеге салып, «Шанхай» базарына тастап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қыркүйек күні Астанадағы «Шанхай» базары маңында сөмке ішінен әйел мәйіті табылған еді. Сол күні полиция мәйіттің 26 жастағы Өзбекстан азаматшасы екенін анықтады. Департаменттің хабарлауынша, тергеу барысында тағайындалған сот-медициналық сараптама әйелдің ішкі органдардың туберкулезінен қайтыс болғанын көрсеткен. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы ер адам ұсталды. «Өз жауабында ер адам соңғы үш жылда марқұм әйелмен азаматтық некеде тұрғанын, 2 жасар ұлы бар екенін айтты. Әйел ауыр науқастан жалдамалы жатақхана бөлмесінде көз жұмған. Оның Өзбекстан азаматшасы болуынан және жерлеу рәсіміне қаражат болмағандықтан, азаматтық күйеуі мәйітті сөмкеге салып, базар маңына тастап кеткен. Сол күні Астана аумағынан шығып, ізін жасырған», — делінген ресми хабарламада. Астана полициясы күдікті ер адамды Түркістан облысы аумағынан тапқан. «Қайтыс болған әйелдің баласына да іздеу салынды. Сәби таныстарының қарауында болған. Бала Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», — деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

27 қараша, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
27 қараша, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу