jasqazaq.kz

Әйелін өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген (Видео)

16 қыркүйек 2021, 22:52

Алматы облысының тұрғыны әйелін аяусыз ұрып-соғып, қабырғаларын сындырған. Онымен қоймай, қатты соққыдан көз жұмған әйелінің мәйітін Үлкен Алматы каналына лақтырып жіберген. Жантүршігерлік оқиғаның өзге де жай-жапсарын оқиға орнына барған тілшіміз Әсем Лесбек анықтап көрді. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Мұрат Юсупов өткен жексенбіде болған көріністі қорқынышпен еске алады. Үлкен Алматы арнасы маңындағы зауытта жұмыс жасайтын ол, сол күні таң атысымен өзенге келіпті. Зауытқа қарай аққан суды бөгемек болған.

Мұрат ЮСУПОВ, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Басы судың ішінде жатыр екен и басы жабық бір киіммен. Денесімен аяғы судан шығып тұр. Сразу білдім уже труп болғанын. Ниче не сделаешь сразу телефонды алып звандадым. Шошып кеттім, әйелді көрген кезде звандай алмай дірілдеп.

Жергілікті тұрғындар әйелдің денесі адам шошырлық жағдайда болды дейді. Біреудің аяусыз ұрғаны анық байқалды деп отыр.

Анатолий, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мәйіт ісініп кеткен. Беті-аузы ісіп, көгеріп. Былтырда осы жерде бір әйелдің денесі табылып еді.

Полиция тергеу кезінде марқұмның жеке тұлғасын анықтаған. 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екен. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен келіншектің күйеуі ұстапты. Ол жайсыз жайттың ұрыс-керістен басталғанын айтқан. Кейін аяусыз соққыға жығып, тіпті қылмысын жасырғанын да мойындаған.

Әбілтай ӘБЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қылмысты жасады деген күдікке 48 жасар марқұмның күйеуі ілінді. Тергеу барысында күдікті 6 қыркүйек күні ұрыс кезінде әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшн каналға лақтырылғаны мойындалды.

Қамауда отырған күдіктіге қатысты, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастап кеткен.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Яғни «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу» бабымен іс қаралуда. Бұл бап бойынша, күйеуінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия